Тапсырысты алуға келген кезде төлем жасау

Сіз С11 2019 науқанынан бастап «Қазпочта» АҚ-на тапсырыс жіберіп, ақшасын жеткізілімді алуға келген кезде қолма-қол төлей аласыз

Тапсырысты алуға келгенде төлем жасау қызметін, тапсырысты орналастыру кезінде 4 қадамда таңдай аласыз.

Пошта бөлімшесін таңдағаннан кейін, сіз «Тапсырысты алған кезде төлеу» опциясын таңдай аласыз.

  • Тапсырысты пошта бөлімшесінде алған кезде сізге жеке куәлік немесе сенімхат ұсыну керек, сонымен қатар тапсырыс түскен кезде төлеу керек: тапсырыс құнын және төлем жасау үшін «Қазпочта» АҚ комиссиясы.
  • «Қазпочта» АҚ комиссиясы 1 посылка үшін 0,9% (бірақ кемінде 150 теңге) (қорап)
  • Төлем тәртібі бойынша әр қорап үшін жеке түбіртек арқылы төлем жасалады
  • Төлем қолма-қол ақшамен немесе несие картасымен жүзеге асырылады, операторға қалай төлегіңіз келетіні туралы хабарлаңыз.
  • Сіз төлем туралы түбіртекті аласыз және тапсырыстың жеткізілгені туралы түбіртекке қол қоясыз

Комиссияны есептеу мысалы:

Егер тапсырысыңыз бір қораптан тұрса:

  1. Тапсырыс сомасы 10 000 теңге + комиссия 0,9% (бірақ кемінде 150 теңге)

    0,9% *10 000 теңге = 90 теңге
    Комиссия 150 теңге қолданылады

  2. Тапсырыс сомасы 17 000 теңге + комиссия 0,9% (бірақ кемінде 150 теңге)

    0,9% *17 000 теңге = 153 теңге
    Комиссия 153 теңге қолданылады

Егер тапсырысыңыз екі қораптан тұрса:Барлық тапсырыс сомасы - 23 000 теңге

  1. Бірінші қораптың құны 18 000 теңге + комиссия 0,9% (бірақ кемінде 150 теңге)

    0,9% *18 000 теңге = 162 теңге
    Комиссия 162 теңге қолданылады

  2. Екінші қораптың құны 5 000 теңге + комиссия 0,9% (бірақ кемінде 150 теңге)

    0,9% *5 000 теңге = 45 теңге
    Комиссия 150 теңге қолданылады

Комиссияның жалпы сомасы: 312 теңге

  • Егер шотта қарыз болса, «Тапсырыс алған кезде төлеу» опциясы бойынша тапсырыс кейінге қалдырылады
  • Тапсырыстар арасындағы қарызды төлеу мерзімі алдыңғы тапсырыстың шот-фактурасы түскен күннен бастап 20 күнтізбелік күннен аспауы керек, кешіктірілген жағдайда өкіл келесі тапсырыстың лимитіне құқығынан айрылады
  • Егер сізде шотта алдыңғы тапсырыс бойынша қарызыңыз болса, «Тапсырыс алған кезде төлеу» опциясы бойынша тапсырыс үшін төлем бірінші төленбеген тапсырысты жабады