ӨКІЛДІ ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕЖЕСІ
Координатор Өкілді аумаққа тәуелсіз тағайындай алады.
Координатор сайтта жаңа Өкілді тағайындағанға дейін Өкілдің құжаттарын мұқият тексеруі керек,
Сонымен қатар Фотосуреттің және қолтаңбаның сәйкестігі мен келесі құжаттардың көшірмесін алуы қажет:
- Өкілдің жеке басын куәландыратын жарамды құжат, ол ЖСН нөмірі болуы керек (жеке сәйкестендіру нөмірі).
Сайтта жаңа Өкіл тағайындалғаннан кейін Координатор avon.dok@avon.com электрондық поштасына ЖСН орналасқан Өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін жіберуі керек (жеке сәйкестендіру нөмірі)
Координатор сондай-ақ Өкілдің мекен-жайы туралы куәліктің бар-жоқтығына жауап береді және құжатты компания қызметкерлерінің талабы бойынша беруге міндетті.
Жаңа Өкілді тағайындау жөніндегі нұсқаулықты мына жерден жүктеуге болады.
15 минут ішінде жаңа Өкілге автоматты түрде дербес компьютерлік нөмірі беріледі
Жаңа Өкілге және Координаторға компьютерлік нөмір 15 минут ішінде, Өкілдің тағайындалуының онлайн турде формасы толтырылғаннан кейін және оның Компанияға келіп түскенін, SMS және электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Өкілді тіркеген кезде толық аты-жөнін көрсету ережелері туралы нұсқауларына назар аударыңыз. Бұл деректер тек аты-жөнінде жазылатын қазақ әліпбиінің әріптеріне қатысты.
Маңызды, егер Сіздің атыңызда қазақ әліпбиінің бірегей әріптері болса : Ә,І,Ң,Ғ,Ү,Ұ,Қ,Ө,Һ, Сізден толық аты-жөнін еңгізген кезде бірегей әріптерді жүйеде алмастыруыңызды өтінеміз. Өкінішке орай, қазіргі кезде жүйе бірегей әріптерді қабылдамайды және жеткізу парақшасында, бастапқы бетінде оқылмайды, сол себептен Сізді бірегей қазақ әліпбиіндегі әріптерді орыс әріптеріне алмастыруды сұраймыз.
Келесі қазақ әліпбиіндегі әріптерді орыс әліпбиіндегі әріптермен ауыстыру қажет:
Ә | А |
І | И |
Ң | Н |
Ғ | Г |
Ү | У |
Ұ | У |
Қ | К |
Ө | О |
Һ | Х |
Мысалы:
Толық аты-жөні қазақ тілінде жазылу нұсқасы - Құдайбергенова Бақытжан Қанатқызы,
Толық аты-жөнін жүйеге енгізу кезінде есімді келесідей жазуды сұраймыз: Кудайбергенова Бакытжан Канаткызы.
Бұл шешім жаңа жүйені іске қосуға дейін әрекет етеді, онда барлық әріптер дұрыс көрсетіледі.
Жүйені іске қосу бойынша қосымша хабарлама жіберіледі.
Маңызды:
Қазақстан Республикасының азаматы, сонымен қатар қос азаматтығы бар және Қазақстан Республикасының аймағына тіркелген, шартқа отыру кезінде 18 жасқа толған, не 16 жастығы (Кепілгері және арнайы құжаттар пакеті бар ) азамат компанияға Өкіл болып тіркеле алады.
Қазақстан Республикасының резиденті болып келмейтін Өкіл тапсырыс жіберу кезінде 100% алдын ала төлеу шарты арқылы жұмыс істейді. Жеке куәлігінің көшірмесі түскен кезде жүйеде алдын ала төлеу жайында «белгі» қойылады.