Тапсырыстарды орналастыруға Лимитті ұсыну
Тапсырыстарды орналастыруға Лимитті көбейту-азайту сызбасы:
Ерекшеліктер:
1) Үйлестірушіге/Менеджерге құжаттарды ұсынған және Шарт жасасқан жаңа Өкілдерге сомасы 30 000 теңге тапсырысты орналастыру Лимитінің бастапқы деңгейі ұсынылады
2) Компанияға қажетті құжаттарды ұсынып, алғашқы тапсырысты төлегеннен кейін (Компанияның деректер базасына Өкілдің шотына ақшалай қаражат толық мөлшерде түсуі) Өкілге сомасы 60 000 теңгелік Лимиттің 1-деңгейі ұсынылады
Алғашқы 2 деңгейде (0 және 1 деңгей) келесі тапсырыс төлемсіз және алдыңғы тапсырысты қайтармай өңделмейді (Компания белгілеген қайтару рәсімін орындаған кезде)
3) 3 кейінгі тапсырысты уақытыл төлегеннен кейін Өкілге лимиттің 2-деңгейі (100 000 теңге) және Жинақтау лимитінің жеңілдігі
4) Лимит аясында 2 және одан көп тапсырыс орналастыру мүмкіндігі ұсынылады.
3-деңгейде Жинақтау лимитінің жеңілдігі сақталып, 150000 тг көлемінде Қолжетімді лимит сомасы ұсынылады.
Тапсырысты төлеу мерзімдері:
Тапсырысты төлеу мерзімдері – тапсырысты алған күннен бастап 20 күнтізбелік күн.
Уақытылы төлеу – есеп фактурасын рәсімдеген күннен бастап 20 күннен аспайтын мерзім ішінде Компанияның деректер базасына Өкілдің шотына толық көлемде ақшалай қаражаттың түсуі, яғни, шотқа есеп фактураны жасаған күннен бастап ең кеш 20 күнде шотқа төлем түсу үшін тапсырысты алған күннен бастап 10 күн мерзім ішінде тапсырысты төлеу керек.
Кешіктіріп төлеу – есеп фактурасын рәсімдеген күннен бастап 20 күнтізбелік күннен кешігіп Компанияның деректер базасында Өкілдің шотына толық мөлшерде ақшалай қаражаттың түсуі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Төлем 21-күні болмаған жағдайда, күнде-күнде төлем толық төленгенше уақытылы
төленбеген қарыз сомасының 0,5% көлемінде өсімақы аударылады.
Тапсырысты орналастыру Лимиттерін өсіру:
Тапсырыстарды орналастыру Лимиттерінің талаптары:
Тапсырысты орналастыру лимитінің 0 деңгейі: Үйлестірушіге/Менеджерге құжаттарды ұсынған және Шарт жасасқан барлық Өкілдерге каталогтың бағасы бойынша Лимиттің 30 000 теңге сомасына бастапқы деңгей ұсынылады.
Тапсырысты орналастыру лимитінің 1 деңгейі: Компанияға құжаттарды ұсынып, алғашқы тапсырысты төлегеннен кейін Өкілге каталог бағасы бойынша 60 000 теңге сомасында тапсырыстарды орналастыру лимиті ұсынылады.
Тапсырысты орналастыру лимитінің 2 деңгейі: лимиттің 1-деңгейі бар және жеңілдік парақшасында көрсетілген күннен бастап ең кеш 20 күн ішінде соңғы 3 тапсырысты уақытылы төлеген өкілдерге Жинақтау лимиті жеңілдігі бар каталог бағалары бойынша 100 000 теңге сомасында лимиттің 2-деңгейі ұсынылады (тапсырыстарды орналастыру лимиті аясында тапсырыстардың шексіз мөлшерін орналастыру мүмкіндігі)
Тапсырыстарды орналастыру лимитінің 3-деңгейі лимиттің 2-деңгейі бар және жеңілдік парақшасында көрсетілген күннен бастап ең кеш 20 күнтізбелік күн ішінде соңғы 3 тапсырысты төлеген Өкілдерге ұсынылады. Осы деңгейде Өкілде Жинақтау лимиті жеңілдігі сақталады.
Тапсырысты орналастыру лимитін азайту:
Жинақтау лимиті жеңілдігі бар Өкілде жеңілдік тапсырыс есеп фактурасын жасаған күннен бастап ең кеш 20 күнтізбелік күн ішінде тапырысты алған сайын уақытылы төлеген жағдайда сақталады. Егер Өкілде тапсырыстардың бірінде 20 күнтізбелік күннен асатын қарыз болса, келесі тапсырыс алдыңғы тапсырыстарды толық төлеген кезде рәсімделуі мүмкін және тапсырыстарды орналастыру лимитінің деңгейі бірге төмендейді.
ЕСКЕРТУ! Ағымдағы лимитіңізден асатын сомада тапсырыс рәсімдей отырып, каталог бағасы бойынша тапсырыс сомасы мен ағымдағы лимитіңіздің арасындағы айырма алдын ала төлем жасалған жағдайда ғана тапсырыс өңделуі мүмкін екендігіне келісесіз немесе алдын ала төлем болмаған жағдайда, тапсырысыңыз ағымдағы лимит сомасына дейін қысқартылатынына келісесіз.