Тапсырысты алу
Тапсырысты алу үшін, қажетті құжаттар (түпнұса):
- Жеке куәлік
- Шетелдік паспорт құжаты
- Жеке куәлктің орнына берілген, әскери офицер билет
- Нотариуспен куәландырылған құжат
Тапсырысты алу кезінде, Өкіл қораптын салмағын өлшеп, қораптын бетінде көрсетілген салмақпен салыстырп тексеріп алуы қажет. Жеткізу құжаттарына қол қою керек
Егер салмақ дұрыс болса, онда өкіл жеткізу парағына «салмағы дұрыс» деп жазады. Алған қораптын санын, алған күнін қояды . нотариалдық сенімхат арқылы алса, сенімхат нөмірін де жазады.
Егер өлшеген кезде айырмашылықты байқаса, не қораптын ашылғаны байқалса, онда пошта қызметкері өкілдің көзінше ф51 актын толтырады, онда міндетті түрде қораптын сыртқы келбеті мен оның нөмірін – қораптын нақты салмағын, ішкі құрамын көрсетеді, яғни қорапта бар өнімді атайды. Сонымен қатар жетпейтін тауардың коды мен атауын, салмақ айырмашылығын, өз қызметі мен есімін көрсетеді, қол қойып, күнтізбелік штемпель басады. Өкіл актқа міндетті түрде қол қояды. Бір нұсқасы өкілге беріл\еді, ол оны компанияның қайтарым бөліміне жібереді.
МАҢЫЗДЫ! Тапсырыс берілген тауарды уақытында алу шарты келісім шартта көрсетілген.
Өкіл тапсырысты дәлелді себепсіз алмаған жағдайда, Компания алынбаған тапсырысқа төлемақы салуға, және Өкілді тапсырысты алдын ала төлеп алатындай шартқа ауыстыруға хақылы.
Алынбаған тапсырыс төлемақысы 3000 тенге құрайды, Компанияның тапсырысты жинау, жеткізу, тапсырысты жинау барысындағы қолданған материалдың сомасын құрайды.
Төлемақы сомасы келесі тапсырыс сомасына қосылып, шот-фактурада көрсетіледі. Дәлелді себеп болған жағдайда, алынбаған тапсырыс төлемақысы қайтарылады. Ол үшін Өкіл ақпарат алу бөліміне хабарласып, растаушы құжат көшірмесін Компанияға жіберу қажет.
Дәлелді себептер және расатушы құжаттар тізімі
- еңбекке уақытша жарамсыздық (еңбекке жарамсыздық парағының көшірмесі, медициналық анықтама)
- сапар, іс сапар (ұшақтың билеті, жол-сапар парағы)
- некеге отыру (неке туралы куәлік)
- босану (туу туралы куәлік, перзентханадан көшірме)
- жақын туыстар өлімі (өлім туралы куәлік)