Атқарылған жұмыстар бойынша әзірленген Актілерін Компанияға жіберу тәртібі
Әр Кампанияның нәтижесі бойынша электрондық платформада атқарылған жұмыстар бойынша Актілер (әрі қарай - Акт) автоматты түрде жүктеледі.
Электронды платформаға көшу екі жолмен жүзеге асырылады:
негізгі бетте орналасқан Электрондық Цифрлық Қолтаңбамен құжаттарға қол қою атты сілтеме бойынша
Менің жеке мәліметтерім атты бөлімінде орналасқан Электрондық Цифрлық Қолтаңбамен құжаттарға қол қою сілтеме арқылы
Сізге қажет:
- Сыйақы есептелген Кампаниядан кейінгі басталған Кампанияның аяқталу мерзіміне дейін кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын танысып өзіңіздің ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз. Актіге уақтылы қол қойылмаған жағдайда, Avon Компаниясы Шарт талаптарына сәйкес Актілер бойынша қарыз жабылғанға дейін сыйақы төлеуді тоқтата тұруға құқылы
Мысалы: C10/2021 кампаниясының актісіне C11/2021 кампаниясының аяқталуына 10 күн қалғанда қол қою керек. C11 компаниясы 2021 жылдың 30 қарашасында аяқталады, яғни. Актіге сіз 2021 жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей қол қоюыңыз керек. Актілерге барлық есеп беру кампаниялары үшін қол қою керек.
НАЗАР АУДАРАМЫЗ! НЕРЕЗИДЕНТ БОЛЫП САНАЛАТЫН КООРДИНАТОРЛАР -ӨЗІНІҢ ҚОЛЫ ҚОЙЫЛҒАН АКТІЛЕРДІ КОМПАНИЯҒА ТЕК ҚАНА ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ ТАПСЫРАДЫ!
Әр Кампанияның нәтижесі бойынша www.avon.kz сайтында жеке бетте орналасқан: «Есеп беру» – «1-ші апта бойынша жинақталған есеп беру» атқарылған жұмыстар бойынша Актілер (әрі қарай - Акт) автоматты түрде жүктеледі.
Акт маңызды түрде:
А4 форматында басып шығарылу керек
Еш түзету болмауы керек
Қойылған қол құжаттағы қолға сәйкес болуы керек
МАҢЫЗДЫ!
Барлық Актілерге тек қана өіңіздің жеке ЭЦҚ арқылы қол қою керек - яғни ҚР ҰКО-дан алған Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз
Атқарылған жұмыстар бойынша Акттің толтыру үлгісі:
