Жаңа Координатордың құжаттар жинағын Компанияға жіберу процедурасы
Координатордың Avon Компаниясымен Жеке Кәсіпкер (әрі қарай ЖК) немесе Жеке Тұлға (әрі қарай ЖТ ) ретінде қызмет атқаруы мүмкіндігі бар, ол үшін Координатор мен Компания арасында ақылы маркетинг қызметтерін көрсету Келісім шарт жасалады (әрі қарай - Келісім).
Егер Координатор Avon Компаниясымен қызмет атқарғысы келсе және Келісім шеңберінде Компанияға әлеуетті Сатып алушыларды қызықтырып және жинақтау қызметтерін ЖК ретінде көрсетуді жобаласа оған өзінің тіркелген жері бойынша Салық мекемесінде ЖК ретінде тіркелу керек. ЖК ретінде тіркелу кезінде 73.20 «Нарықты зерттеу және қоғамдық пікірді зерттеу» OKЭD-ке сәйкес қызмет түрінің кодын көрсетуге тиісті, бұл жағдайда ЖК Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдануға құқылы.
Егер Координатор Avon Компаниясымен қызмет атқарғысы келсе және Келісім шеңберінде Компанияға әлеуетті Сатып алушыларды қызықтырып және жинақтау қызметтерін ЖТ ретінде көрсетуді жобаласа, Координаторға оның есептелген сыйақысынан Avon Компаниясы Салық Агенті ретінде мынадай салықтарды ұстап - жеке табыс салығы (ЖТС) көлемі 10%, міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) көлемі 10%, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМСЖ) көлемі 2% - мемлекеттік қорларға аударатынын білуі қажет.
* Салық шегерімдерінің ставкалары ҚР заңнамасының талаптарымен реттеледі.
Координаторға сыйақысының есептелініп және төленуі үшін мынадай шараларды орындау қажет:
- Сайланып және С-нөмірін алғаннан кейін 10 (он) күн мерзімінде сайттың бастапқы бетінде /немесе Менің Жеке мәліметтерім бөлімінде орналасқан ЭЦҚ арқылы құжаттарға қол қою сілтемесі арқылы кіріп электрондық түрде Келісімге өзінің ЭЦҚ (Электрондық Цифрлық қолтаңба) көмегімен қолын қою керек. Келісімге өзінің жеке куәлігінің екі жағын жүктеу қажет.
Маңызды!
а) Электрондық құжаттарға тек қана өзінің жекеменшік ЭЦҚ арқылы қол қою керек.
б) Қол қою қою рәсімі кезінде қызмет көрсету күйін дұрыс таңдауға маңызды. Әр қызмет көрсету күйіне өзінің сілтемесі арналған электрондық платформаның басты бетіне дұрыс өту үшін.
в) Сыйақыны төлеуге арналған банк шотының нөмірі өзіңіздің ЭЦҚ-дан жүйеге автоматты түрде енгізіледі.
НАЗАР АУДАРАМЫЗ! Нерезидент болып саналатын Координаторлар өзінің қолы қойылған Келісім шартпен керекті құжаттың – жеке куәлік және бак шотының көшірмесін міндетті түрде Компанияға тек қана қағаз түрінде тапсыру керек! Келісім шарттың мәтіні www.avon.kz сайтында «Скачать» бөлімінде орналасқан.
2. Алғашқы сыйақының есептелуі Келісімге қол қойылғаннан кейін есептеліне бастайды да және соңынан атқарылған жұмыстар Актісі шығады. 3. Алғашқы сыйақының төлемі Координатордың шотына Келісімге қол қойылғаннан кейін төленеді. Кейінгі төлемдер Келісім-шарт талаптарына сәйкес тек қана уақытылы Актілерге электрондық түрінде ЭЦҚ арқылы қол қойылған, Координатор-нерезиденттерге тек қана қағаз түрінде тапсырылған жағдайда ғана жасалынады.