Онлайн каталог
Онлайн каталогыңызбен бөлісіп, тапсырыстар қабылдаңыз
Онлайн каталог - тапсырыстарды жіберуге және қабылдауға өте ыңғайлы құрал. Үйден шықпай клиенттеріңізбен бөліссеңіз болады және тапсырыстарды қабылдауыңызға ыңғайлы құрал.
Жаңа клиенттеріңіз онлайн каталогты my.kz.avon.com сайтында таба алады, ал сіз өз клиенттеріңізге жеке каталогыңыздың сілтемесімен бөлісе аласыз. Сондай ақ каталогты catalog.kz.avon.com сілтемесі арқылы аша аласыз.
Клиентіңізбен онлайн каталогыңызбен бөлісу үшін AvonOn қосымшасына өтіңіз.
AvonOn қосымшасында сол жақ жоғарғы бұрышындағы Бас мәзірді ашыңыз.
"Онлайн каталог" бөлімін ашыңыз және "Каталогпен бөлісу "батырмасын басыңыз.
"Каталогпен бөлісу" батырмасына басып сілтемені өз клиенттеріңізге жіберіңіз, мысалы WhatsApp желісі арқылы. Клиенттеріңіз сіздің жеке сілтемеңізді алады. Сіздің жеке сілтемеңіз арқылы жасалған тапсырыстардың барлығы бірден сізге түсетін болады, ол тапсырыстарды AvonOn қосымшасында растап қабылдап алсаңыз болады.
Сондай ақ, Сіз өзіңіздің жеке сілтемеңізді әлеуметтік желіде қолдансаңыз болады. WhatsApp, Telegam желісінде топтарыңыз немесе каналыңызда бекітілген жазба ретінде қойсаңыз да болады. Онлайн каталогыңыздың тиімділігін арттыру үшін жеке сілтемеңізбен клиенттеріңізбен Каталог басында, ортасында және соңғы аптада бөлісіп отырыңыз.
Жаңа тапсырыстар жайлы ақпаратты сіз AvonOn қосымшасында Push хабарлама ретінде алатын боласыз және де ақпарат сіздің электрондық поштаңызға жіберілетін болады. Сондықтан Онлайн каталогтың баптауларында дұрыс электрондық поштаңыз көрсетілгенін тексеріңіз. Жаңа тапсырыстарды көріп, оларды растау үшін "Онлайн каталог" бөліміне өтіп, "Күту режиміндегі тапсырыстар" батырмасын басыңыз.
Бөл бөлімде сізге келіп түскен бірақ әлі сіз растамаған тапсырыстарды көре аласыз. Растағыңыз келетін тапсырысқа басыңыз.
Тапсырысты растамас бұрын, клиентке хабарласып тапсырыстың дұрыстығын және клиентіңіз жеткізу құны мен тапсырыс сомасына келісетіндігін біліп алыңыз. Тапсырысты қабылдау үшін "Растау" батырмасын басыңыз.
Сіз тапсырысты растаған соң клиентіңіздің тапсырысы сіздің жеке кабинетіңізде жаңа тапсырыс ретінде көрсетілетін болады, егер сақталған тапсырысыңыз болса сол тапсырыстың құрамына енгізілетін болады. Онлайн каталогтан қабылданған тапсырыстар әр клиентіңіздің есімі бойынша реттелген болады.
Ендігі Сізге тек тапсырысты Компанияға жіберу ғана қалды.
Өкілге арналған видео нұсқаулық:
Клиенттерге арналған видео нұсқаулық: