БЕЙНЕҚАЙТАРУ

Видео-қайтарудың нұсқауын жүктеу

Өкілдерге арналған бейнеқайтаруды ресімдеу және салып жіберу ережесі

  1. Электрондық қайтаруды www.avon.kz сайтында ресімдеу.
    Электрондық қайтару нөмірін тауарды жою туралы роликпен бірге қайтару үшін операторға жіберу қажет.
  2. Компанияға бейнероликті және электрондық қайтару нөмірін салып жіберу үшін, дербес құрылғыға (телефон, планшет, компьютер) Telegram қосымшасын орнату,
    +7 702 000 4443 көрсетілген нөмірді енгізу және Қайтару бөлімінің операторымен байланыс орнату қажет.
  3. Бракка шығарылған өнімдерді жою туралы бейнероликті құруға кірісер алдында, «бейнеқайтару» сервисін пайдаланумен кәдеге жарату мүмкіндігін растау үшін қайтару жөніндегі операторға электрондық қайтару нөмірін алдын ала жіберу ұсынылады.

Бракқа шығарылған өнімдерді жою туралы бейнеролик түсіру                                                                                     

  1. Telegram қосымшасын пайдаланумен бейнероликтер түсіру:
    - Telegram арқылы қайтаруды өңдеу бойынша бөліммен байланысты орнату;
    - Telegram-ның төменгі панеліндегі «фото» белгісін басу;
    - «фото» тетігін басып тұрып, бейнероликті түсіру;
    - Жазбаны аяқтаған соң, роликтің атауына электрондық қайтару нөмірін көрсету және «жөнелту» тетігін басу.
  2. Роликті кез келген құрылғының қарапайым камерасын пайдаланумен құруға болады:
    - Telegram арқылы қайтаруды өңдеу жөніндегі бөліммен байланысты орнату;
    - Жою бойынша бейнероликті электрондық файл түрінде алуға болатын ақпараттармен, смартфонның, планшеттің және/немесе басқа құрылғының стандартты камерасын пайдаланумен түсіру;
    - Жазбаны аяқтаған соң, түсірілген бейнероликті Telegram (төменгі панелдегі бейнефайлды таңдауға және бекітуге басу) қосымшасына бекіту қажет және жіберу тетігін басу;
    - Ілеспе хабарламада эклектрондық қайтарудың нөмірін көрсету керек.
    Роликтің (немесе бірнеше роликтің) мазмұны ресімделген электрондық қайтаруға сәйкес келуі қажет.

Бейнероликтерге қойылатын талаптар

  1. Бейнероликте өнімді жоюдың бүкіл процесі қамтылуы қажет, оған:
    - бейнероликке атауы, штрих коды және Avon өнімінің өзі толық түсірілуі;
    - зақымданған өнімнің (брак) суреті.
    - Ішіндегіні кәдеге жарату фактісі бойынша лақтырылатын бос контейнер мен қаптамасы;
  2. Бейнероликті түсіру кезінде Өкілдерге арналған ұсыныстар:
    - Адамдарды және құжаттарды түсірмеңіз;
    - Дауыстап түсініктеме берудің қажеттілігі жоқ;
    - Бөгде заттарды түсірмеңіз.
  3. Бейнероликтің ұсынылатын ұзақтығы – 3 минуттан артық емес.

Бейнеқайтаруды ресімдеу және Сервиске ұсыну шарттары:

  1. Бейнеқайтаруды пайдаланумен қайтаруға болатын өнімдердің ең максималды сомасы 3500 теңге – құны шот-фактуралар негізінде айқындалады.
  2. Бейнеқайтаруды өңдеу тәртібі: 09:00-ден 16:00-ге дейін жергілікті уақыт бойынша дүйсенбі мен жұма аралығында. Өңдеу мерзімі: алған сәттен бастап ең көп дегенде 2 жұмыс күні ішінде.
  3. Бейнеқайтару қайтаруды (30 күнтізбелік күн) қабылдаудың кепілдендірілген мерзімі шегінде Өкілдермен жөнелтілуі мүмкін.

Бейнеқайтаруға жатпайтын тауарлардың (өнімдер) түрі:

  1. Барлық косметикалық емес тауарлар;
  2. Кез келген иіс су немесе парфюмерия;
  3. Дезодоранттар, спрейлер, аэрозольдар, көбіктер (қысымдағы металл қаптамада тұрған өнімдер);
  4. Шыны банкадағы немесе құтыдағы (лак, крем, тон және т.б.) өнімдер;
  5. Шарлы дезодоранттар;
  6. Сондай-ақ, Қайтару жөніндегі Саясаттың жалпы ережелеріне сәйкес қайтаруға жатпайтын тауарлар.

Бейнеқайтаруға жататын өнімдерді жою бойынша нұсқаулық.
Жоюдың ТЕК қауіпсіз тәсілдері пайдаланылады.

Өнімнің түріӘрекеттің сипаты
 Алынбайтын, қайырмалы қақпақты (гель, сусабын, лосьон, бальзам және т.б.) пластик бөтелкедегі өнімдерБөтелкенің қақпағын ашыңыз.
Бөтелкенің ішіндегіні толық тұрмыстық кәріз жүйесіне (раковина, ванна, унитаз және т.б.) тастаңыз.
Кейін суды жіберіңіз. Бос қаптаманы қоқысқа арналған себетке тастаңыз
Алынатын, бұралатын қақпақты немесе помпалық (спрей, ваннаға арналған көбік, гель, сұйық сабын, лосьон және т.б.) пластик бөтелкедегі өнімдерБөтелкенің қақпағын немесе помпасын ашыңыз.
Бөтелкенің ішіндегіні толық тұрмыстық кәріз жүйесіне (раковина, ванна, унитаз және т.б.) тастаңыз.
Кейін суды жіберіңіз.
Қақпақты немесе помпалы бос қаптаманы қоқысқа арналған себетке тастаңыз
Бұралатын  қақпақты (шашқа арналған маска, бальзам, крем-суфле және т.б.) пластик банкадағы өнімдер.Банканың қақпағын ашыңыз.
Салфетканы алыңыз да банканың ішіндегіні абайлап  алып тастаңыз.
Сүрткен салфетканы, бос қаптаманы және қақпақты  қоқысқа арналған себетке тастаңыз
Бұралатын  қақпақты (крем, теріні тазартуға арналған құрал және т.б.) пластик тубадағы өнімдерТюбиктің қақпағын ашыңыз.
Тюбиктің ішіндегіні толық тұрмыстық кәріз жүйесіне (раковина, ванна, унитаз және т.б.) тастаңыз. Кейін суды жіберіңіз.
Өнімнің қақпағын және тюбикті қоқысқа арналған себетке тастаңыз 
Ашылатын қақпақты  (крем, гель, скраб, лосьон және т.б.) пластик тубадағы өнімдерТюбиктің қақпағын ашыңыз.
Тюбиктің ішіндегіні толық тұрмыстық кәріз жүйесіне (раковина, ванна, унитаз және т.б.) тастаңыз. Кейін суды жіберіңіз.
Тюбикті қоқысқа арналған себетке тастаңыз
Декоративтік  косметика
а) далап, ерінге арналған жалтырақ, және т.б. пластик  корпуста
в) сүрме,   ерінге арналған жалтырақ, уқалайтын құрал, сызықты сүрме және т.б. қылқаламды тубада
с) теньдер, опа, румяна және т.б. палеткада.
Қағаз салфетканы дайындаңыз. Өнімді ашыңыз.
Қалпағын алыңыз, қақпағын ашыңыз, ішіндегіні бұраңыз.
Ішіндегіні алып тастаңыз. Өнімге қарай жою тәсілін таңдап алыңыз: ішіндегіні дайындалған салфеткаға корпустан бөліп алыңыз; салфеткамен ұстап тұрып, қарындашты екіге сындырыңыз; қылқаламды жарамсыздық қалпына келтіріңіз; палетканың ішіндегіні жойыңыз, алып тастаңыз (опа, румяна, тень).
Оралған қаптаманы, ұстаған салфетканы және корпусты себетке тастаңыз.

Бейнеқайтаруды өңдеуден бас тартқан жағдайда (ережені немесе шартты сақтамағанда) Өкілге тауарды өзіне қолайлы канал: ҚазПошта, курьер арқылы  қарапайым тәсілмен жөнелту ұсынылады.

Бейнақайтаруды қабылдаудан бас тарту себептері және Өкілдің әрекет ету тәртібі:

Бас тарту себебіӨкілдің әрекеті
1. Электрондық қайтару жоқ немесе қате ресімделген1.   avon.kz  сайтында электрондық қайтаруды дұрыс рәсімдеу
2. Бейнеролик талаптарға сәйкес келмейді
а) бейнероликте тауардың штрих-коды көрінбейді
б) тауарды жою соңына дейін жүргізілмеді (крем, гель, сусабын және т.б. соңына дейін сығылмады);
2 Оператордың ұсыныстарына сәйкес кемшіліктерді түзету:
а) тауарды толық көрсете отырып роликті қайта түсіру (штрих коды, атауы).
б) тауарды толық жоя отырып, роликті аяғына дейін түсіру
3. Шарттар сақталмады: мерзімі, құны және т.б.3. Қайтаруды  Avon-ға қарапайым тәсілмен жөнелту
4. Бейнеқайтаруға жатпайтын тауар жойылды.4. Қайтаруды  Avon-ға қарапайым тәсілмен жөнелту. Қайтаруды жөнелту кезінде (тауардың бос қаптамасын), Өкіл қағаз ФВ-да   тауар ішіндегіні жою туралы  бейнеқайтаруын  жөнелткенін көрсетеді.