Қайтарылымды АО «Қазпошта» бөлімдерінде және Курьерлік компаниялар арқылы жіберу ережелері
Жалпы қайтарылымды жіберу туралы ережелер
Қайтару кезінде бұйымдар полиэтилен пакетке салынуы керек. Ағатын өнімдер қосымша оралып тығыздалып, қалған өнімнен бөлек пакетке салыну керек.
Өкілдердің атынан бір тоб құрып тауарларды жіберу кезінде, әрбір Өкілдің тауары бөлек полиэтилен пакетіне салынуы қажет және олардың әрқайсысына міндетті түрде «Қайтарым Формасы» толтырылуы тиіс.
Қайтарым бланкісінде міндетті түрде толтырылуы қажет жолдар:
- Жеке электрондық қайтару нөмірі. www.avon.kz сайтында электрондық қайтару формасын толтырып жіберген кезде берілетін нөмір.
- Қайтару үшін жіберілген тауарлардың атауы мен саны (дана)
Тауарды себептер бойынша қайтарылған кезде - «дұрыс салынбау» («65, 66» сайтындағы код), өнімнің коды (атауы) және дұрыс салынбаған кезінде алынған тауарлардың саны көрсетіледі.
«Өнімнің ақауы» немесе «Дұрыс салынбау» себептері бойынша тауарларды қайтарған кезде («57, 58, 59, 60, 65, 66» сайтындағы себебінің коды) Өкілге пошта шығындарын қайтарып алу үшін, сайтта фискалдық түбіртекті жіберемін деген белгіні қойып жіберу қажет
Өкілдердің атынан бір тоб құрып қайтарылым жасаған жағдайда - пошта шығындары қайтарылмайды!
Қайтарылымның жіберу мекенжайы:
Қайда: Алматы облысы, Іле ауданы, КазЦИК, Бережинский А.Ф. к-сі. 4-құрылыс, 2-корпус, Оңтүстік акпараттык-логистикалық орталығы. Avon қоймасы. а/ж. 137, 050017
Кімге: Avon Компаниясына қайтарылым
Жөнелтуші Өкіл өзінің тұрғылықты мекенжайын көрсетеді
«Қазпочта» АҚ арқылы жіберу:
Тауар «Қазпошта» АҚ кезкелген пошта байланыс бөлімшесінен жіберіледі. Өнімді өкіл екі пошта жіберілімі арқылы жібере алады – сәлемхат не бандероль.Тауардың салмағымен түріне байланысты белгіленеді. Қайтарылым жасау кезінде төленетін төлемақы пошта түріне және салмағына байланысты «Қазпочта» АҚ стандартты тарифтер негізінде есептеледі
Өкілі «Қайтару Формасының» екі нысанын толтырады және пошта қызметкері күнтізбелік мөртаңбанысын қояды. Бірінші көшірмесі өніммен бірге жеткізіледі, екіншісі Өкілге қалады.
Барлық құжаттар – «Қайтарым формасы», пошта түбіртегін компанияға тауар түскенше, қайтарым толық жабылғанша сақтау керек.
Курьерлер арқылы жіберу:
Қайтарылымды мекенжайға жеткізу қызметін орындайтын курьерлер арқылы жіберуге болады:
- Келесі тапсырысты жеткізу кезінде
- Сіздің қалаңыздағы курьерлік компанияның офисінен немесе өкілдігінен (бар болса)
- Қайтарылымды жөнелту тарифі курьерлік компанияның тарифтері бойынша ресімделеді.
Өкіл «Қайтару Формасын» екі нысанын Курьер келгенше дейін толтырып дайындап қоюы қажет. Курьер «Қайтару Формасында» көрсетілген тауардын атауын, санын тексеріп қолын және қабылдаған күнін екі көшірмеге қояды.
Өкіл қайтару үшін төлемді төлейді. Курьер фискалдық түбіртек береді және арнайы курьерлік бланкіні толтырады: аты-жөнін, толтырылған күнін, қабылдаған төлем ақыны, қолын қояды.
Курьер қайтарылыған тауарды фирмалық қаптамаға орайды, оған «Қайтару Формасының» бір данасын, фискалдық түбіртекті салады және сыртына жүкқұжаттың бір данасын жабыстырады. Курьер аты-жөні, қабылдаған тауардың саны, қолы қойылған «Қайтару Формасының» екінші данасын Өкілге беруі тиіс. Бұл құжатты компанияға тауар түскенше, қайтарым толық жабылғанша сақтау қажет.