Киімнің өлшемін және/немесе түсін ауыстыру
Тауарды аустыру үшін:
- Электрондық қайтару рәсімдеп және қайтару себебіне «50» кодын көрсетіңіз (бұл код каталогққа сәйкес келмейтін тауарларға қойылады).
- Өтініш рәсімдеңіз, қажетті тауардың кодын, өлшемін және/немесе түсін көрсетіңіз.
- Өлшемі немесе түсі келмеген тауарды компанияға кері қайтарыңыз.
- Жаңа тапсырыс орналастырыңыз.
Өтінішті рәсімдеудің үш тәсілі бар:
- Өтінішті кері қайтарып жатқан тауармен бірге қосып жіберу (бұл ретте тауар компанияға келіп түскен кезде ауыстыру рәсімделеді)
- Өтінішті info.kz@avon.com электрондық мекенжайға немесе сайттың «Бізге хат жазыңыздар» бөлімі арқылы жөнелтуге болады (бұл ретте, ауыстыру 2 жұмыс күні ішінде рәсімделеді).
Тауарды шот-фактурада көрсетілген күннен бастап 45 күн ішінде рәсімдеуге болады. Ауыстырылған тауарды алу үшін, Сіздің өтінішіңіз қабылданып ауыстыру рәсімделгеннен соң жаңа тапсырыс жасау қажет.
Ауыстырлған тауар шот-фактурада 7, 5, 1 кодтарымен көрсетіледі.
Сіз ауыстырылған Тауарды шот-фактурада берілген "7" ("толықтыру"), немесе 5 (уақытша жоқ), немесе 1 (тауар бітті, жеткізілмейді ). әрекет кодтарымен табасыз.
Егер Сіз тауарды ауыстыру өтініші қабылданғаннан кейін 45 күн ішінде жаңа тапсырыс орналастырмасаңыз, тауар аустырылмайды автоматты түрде жойылады.
МАҢЫЗДЫ!
- Ауыстыруға түсі немесе өлшемі келмеген, каталогта бірдей бағамен ұсынылған тауарларды ғана болады. Мысалы: Әйелдерге арналған блузка, өлшемі 40-42 тек Әйелдерге арналған блузка, өлшемі 44-46 ауыстырылады; Көк түсті Әйелдерге арналған сөмке "Фелиция" тек Әйелдерге арналған сөмке "Фелиция" қоңыр түстіге ауыстырылады; Қара-көк түсті, өлшемі 40-42 Джегинстер тек қара түсті өлшемі 44-46 Джегинтерге ауыстырылады. Егер тауардың бағасы ауыстырылған тауардың бағасымен тең болмаса, тауардың құны Сіздің шотыңызға қайтарылады.
- Ауыстырылатын тауарға ортақ декларациаланған қайтарымдардың шарттары қолданылады.
- Қайтарылған тауардың құны тек тауар компанияға келіп түскеннен кейін қайтарылады. Егер Сіз декларацияда көрсетілген тауарды қайтармаған болсаңыз, декларация рәсімделген күннен бастап 38 күн өткеннен кейін бұл қызмет Сіз үшін жабылады.
- Іш киім ауыстырылмайды
Тауарды ауыстыру туралы өтініш үлгісі
Өтініш
Мен, Аты-жөні, сәйкес келмеген тауарды ауытыруыңызды сұраймын
А) өлшемі бойынша
Б) түсі бойынша
В) басқа себептер бойынша
Тапсырыс нөмірі, тапсырыс күні, сәйкес келмеген тауардың коды.
Мен электрондық қайтару рәсімдедім №
Осы кодқа ауыстырыңыз ХХХХХ.
Мен білемін, түсі немесе өлшемі келмеген ауыстыруға жіберген тауар мен ауыстырылатын тауардың бағасы және жеңілдіктері бірдей болуы керек. Егер, мен ауыстыруға жіберген тауардың және аустырылатын тауардың бағасы немесе жеңілдігі сәйкес келмесе, онда компания тауарды ауыстырмай, қайтарылған тауардың құнын есептен шығарады.